Джо Байден мен Си Цзиньпин кездесу өткізеді

604

28 шілдеде олар телефон арқылы сөйлесу барысында Украина дағдарысы мен Тайвань мәселесін талқылады.

Джо Байден мен Си Цзиньпин кездесу өткізеді

АҚШ президенті Джо Байден мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин кездесу өткізбек. Қос басшы да алдағы басқосуды ұйымдастыру маңызды деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақ үй өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Әзірге қос тараптың кездесуі нақты қай күні өтетіні белгісіз. 

28 шілдеде Си Цзиньпин мен Джо Байден телефон арқылы сөйлесу барысында Украина дағдарысы мен Тайвань мәселесін талқылады. Қытай басшысы Тайваньға қатысты қатаң ұстанымын тағы да баса айтты. Ол бұл мәселеге сыртқы күштердің араласуына наразылығын, "отпен ойнамауға" шақырды. 

"Біз сепаратизмге және "Тайваньның тәуелсіздігіне", сондай-ақ сыртқы күштердің араласуына қарсымыз", – деді ол.

Олар 2015 жылы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа жасаған сапары кезінде жүздескен еді. Ол кезде Байден вице-президент қызметін атқарған болатын. Президент ретінде ол Қытай көшбасшысымен әлі кездескен жоқ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу