Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітов АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуге шақырылғаны туралы жаңалығымен бөлісті.
"Жыл сайын Америка Құрама Штаттарының басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр штаттың өкілдерін қайырымдылық шараларына шақырады. Алла Тағалаға мақтаулар болсын, мені мемлекетімізден таңдады. Біз бұл сапарды мемлекетіміздің мүддесін, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар руханиятымызды кеңінен таныту, қазақ тарихының қаншалықты ауқымды екенін көрсету үшін жасауды көздеп отырмыз", – деді имам.
Нұрлан имам АҚШ-та бір апта болады. Ол АҚШ президенті ұйымдастыратын үш шараға қатысатынын айтты. Ол Қазақстанның бейбітшілікке ұмтылған ел екенін көрсеткісі келетінін баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан имам "Жыл адамы" болып танылды. Қазақ аттарының арабшаға ауысуына қатысты өз ойын білдірді.