Джо Байден Ресейді украин халқына негізсіз шабуыл жасауда деп айыптады

1184

Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады.

Джо Байден Ресейді украин халқына негізсіз шабуыл жасауда деп айыптады

АҚШ Президенті Джо Байден Ресейді украин халқына негізсіз шабуыл жасауда деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байден Ресей Президенті Владимир Путин адам өліміне және қайғы-қасіретке әкелетін соғысты таңдағанын және Ресей әскери күштерінің шабуылын негізсіз деп атады.

23 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады. Ол Украина әскерилерін дереу қару-жарақтарын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.

Украиналық БАҚ хабарлауынша, Киев, Харковь, Борисполь және Мариуполь қалаларында жарылыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу