Джо Байден жоспарлы медициналық тексеруден өтеді

525

Ақ үйде президенттің денсаулығы туралы есеп жариялауға уәде берілді. 

Джо Байден жоспарлы медициналық тексеруден өтеді Фото: cdn.iz.ru

Бейсенбіде Джо Байден жоспарлы медициналық тексеруден өтеді, ең қарт президент үшін денсаулығын қарату - сайлау алды маңызды шара, деп хабарлайды inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Ақ үй 80 жастағы Президент дәрігерінің есебін 2021 жылы өткен тексеру кезіндегідей жариялауға уәде берді.

Сауалнамалардағы төмен рейтингтерге қарамастан, Байден біраз уақыттан бері өзінің кандидатурасын ұсынатынын ымдаған болатын.

"Әзірге мен ойлану үстіндемін, қатысу ниетім бар, бірақ әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын", – деді Байден 8 ақпанда PBS-ке берген сұхбатында.

Байденнің соңғы тексеруі 2021 жылы 19 қарашасында өтті. Сол кезде ол өз өкілеттігін бір сағат 25 минутқа АҚШ вице-президенті Камала Харриске тапсырып, оны АҚШ тарихындағы президенттік артықшылықтарға ие алғашқы әйел етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу