Джо Байденнің Киевке іссапары: "Осы аптада жаңа санкциялар жариялаймыз"

520

АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапары барысында Вашингтон осы аптада Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды деп сендірді.  

Джо Байденнің Киевке іссапары: "Осы аптада жаңа санкциялар жариялаймыз" Фото: BBC

Ақ үйде жаңа шектеулер Украинадағы ресейлік арнайы операциямен байланысты жеке тұлғалар мен компанияларға қарсы бағытталатынын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен осы аптаның соңында ресейлік әскери шабуылды қолдайтын, оның қолшоқпарына айналған элиталар мен компанияларға қарсы қосымша санкциялар жариялайтынымызды хабарлаймын", - деді Джо Байден.

Сонымен қатар, американдық көшбасшы Киев режиміне 500 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакетін ұсынғанын жариялады. Мәлімдеме ресми түрде 21 ақпан, сейсенбіде жасалады.

"Мен украин халқын әуе бомбалауынан қорғауға көмектесетін артиллериялық оқ-дәрілерді, танкке қарсы жүйелерді және әуе бақылау радарларын қоса алғанда, маңызды жабдықтардың тағы бір жеткізілімін жариялаймын", - деді АҚШ президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу