Джон Кэмпбелл: Қазақстан Батыстың емес, Шығыстың ІТ-технологиясына ілесуі қажет

823

 Джон Кэмпбелл:  Қазақстан Батыстың емес, Шығыстың ІТ-технологиясына ілесуі қажет

АҚШ-қа қарағанда Қытайдың ІТ-технологиясы өте сапалы, әрі озық. Сондықтан Қазақстан экономикалық ресурстарды заманауи жетілтіру үрдісінде батысқа емес, шығысқа ілесуге тиіс. Бүгін Астанада өткен инвестициялық форумда "Aberdeen Asset Management" басқарушысы Джон Кэмпбелл осындай мәлімдеме жасады. Стратегиялық климат орталығының жетекшісі, әсіресе, бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметіне тікелей қатысты екенін айтады. Тіпті шетелдік сарапшы Қазақстан биржасының Дубай құрылымына негізделгенін де өте дұрыс деп есептейді екен. Қазір Араб әмірліктерінің өзі Нью-Йорктің емес, Таяу Шығыс сауда алаңындағы соңғы технологияны қолдануды құп көруде. Сингапур да осы қатарда.

Джон Кэмпбелл, Aberdeen Asset Management басқарушысы:

"Батысқа емес, Шығысқа қараңыздар. Өйткені әлемдегі ең үздік жасанды интеллект қазір Қытайда дамып келеді. Сандық технолгияның да эволюциясы АҚШ-тан гөрі осы Қытайда алға шығып отыр. Сондықтан Астанада ашылып отырған халықаралық қаржы орталығы сондай ашық инвестициялық алаңға айналады деп сенемін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу