Кіші Роберт Кеннеди 2024 жылы АҚШ президентіне кандидатурасын ұсыну үшін Юта штатында қажетті қолтаңбаларды сәтті жинаған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Кіші Роберт Кеннеди – Американың бұрынғы көшбасшысы және 1963 жылы Далласта өлтірілген АҚШ-тың экс-президенті Джон Кеннедидің жиені.
Ол Демократиялық партия атынан 2024 жылғы президенттік сайлауға түсу ниетін растаған екінші кандидат болды.
Сонымен қатар, Кіші Кеннеди экология ғылымы бойынша маманданған заңгер және вакцинацияға қарсы қозғалыстың белсендісі болып табылады.
Еске сала кетейік, АҚШ-та сайлау өткізу 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.