Джорджия штатында Байден алға озып шықты

520

CNN дерегі бойынша, әзірге ол жинаған дауыстар саны Трамптыкінен 1096-ға көп.

Джорджия штатында Байден алға озып шықты

Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп отырған Джозеф Байден Джорджия штатының дауыстар саны (дауыстардың 99%-ы саналды) бойынша Трампты басып озды. Ресми дерек бойынша, ол 2 449 580 дауыс, Трамп 2 448 484 дауыс жинаған. 

5 қарашада бұл штатта Трамп алда болған еді. 

Егер де Байден Джорджияда  жеңіске жетсе, жеткілікті 270 дауысты иеленсе (electoral vote) , ол президент атанады. 

Associated Press-тің  есебі бойынша, қазір Байден сайлаушылар алқасының 264 дауысына,  ал Дональд Трамп 214 дауысына ие. Аляска, Джорджия, Солтүстік Каролина, Невада, Пенсильвания штаттарында дауыстарды санау процесі жүріп жатыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу