Кәсіби дипломат Стаффт бұған дейін Молдова мен Джибутидегі, сондай-ақ АҚШ-тың Ресейдегі, Эфиопиядағы және Польшадағы миссияларында өкілдік басшысының орынбасары қызметін атқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол Case Western Reserve университетін және Дьюк университетін бітірген. Орыс, румын, француз және поляк тілдерін біледі.
2023 жылы ол федералды қызметкерлер үшін ең жоғары азаматтық марапат саналатын Президенттің ерекше қызметі сыйлығын алды. Ол сондай-ақ жеті мәртебелі қызмет марапатына және Американың сыртқы қызмет қауымдастығының сыйлығына ие.
– Егер мен бұл қызметке тағайындалсам, менің басты міндетім Қазақстандағы барлық америкалықтың, соның ішінде елшілік пен консулдық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болады, – деді Джули Стаффт.