"Джулия" қойылымы астаналық көрермен назарына ұсынылды

252

Көптен күткен "Джулия" мюзиклі астаналық көрермен назарына ұсынылды.

"Джулия" қойылымы астаналық көрермен назарына ұсынылды Фото: Qazaq Oil

Әйгілі "А'Studio" тобының тарихы мен әндері негізінде жасалған мюзикл елордада 9-21 желтоқсан аралығында шырқалады. Қала тұрғындарына бұл мүмкіндікті сыйлаған "Qazaq Oil" компаниясы, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Мюзикл Қазақстан үшін таңсық жанр. Көбі оны кинокартина деп біледі. Бірақ ол театр сахнасында да қойылып, көрерменді музыка әлеміне еліте алады. Отандық мәдениет саласына жаңа тыныс боп кірген "Джулия" мюзиклі соның айқын көрінісі. Ол алматылықтардың ғана емес, барша қазақстандықтың іздеп көретін өнер туындысына айналды. Сондықтан оның Астанаға келуі қала тұрғындары мен қонақтары үшін аса қуанышты жаңалық болды.

"Қызығушылық білдіріп жатыр, жан-жақтан телефон шалып, сұрап жатыр. Билетті қай жақтан алсақ болады  деп. Астаналық көрерменге осы мюзикліміз ұнаса, нұр үстіне нұр дейміз. Өйткені, біз бірінші рет келіп отырмыз елордаға, әрине, қобалжу бар. Дегенмен, жақсылап дайындалып, жақсы өнер көрсетуге дайынбыз", - дейді "Джулия" мюзиклінің актері Рүстембек Нұржігітов.

"Джулия" "А'Studio" тобының "Улетаю", "Тиктак", "Кот на крыше" сынды әндері негізінде музыка мен махаббат оқиғасын баяндайтын қойылым. Сахна, декорация, костюмдер, ән мен би, актерлердің кәсіби шеберлігі көрерменді таңдандырмай қоймайды. Кей әндердің қазақ тілінде шырқалуы әйгілі топтың тыңдармандарына күтпеген тосын-сый болды. Бұл мәдени шараның елордаға келуіне "Qazaq Oil" компаниясының қосқан үлесі зор.

"Qazaq Oil" бірінші көзбен қарағанда жанар-жағармай сату станциялары және осы мюзиклдің арасында қандай байланыс бар, деген сұрақ туындауы мүмкін. Негізі "Qazaq Oil"  қазіргі таңға тек жанар-жағармай сату станциялары емес, бұл экосистема деп айтуға болады. Корпоративтік секторда жаңадан тудырып жатқан көзқарас, әлеуметке қолұшымызды беріп жатырмыз. Қолдан келгенше спорттық шараларға қолдау көрсетіп жатырмыз", - дейді "Qazaq Oil" компаниясының бас директоры Төлеміс Шотанов.

"Qazaq Oil" енді еліміздің мәдениет, әлеумет, спорт салаларына кеңінен қолдау көрсетуді көздеп отыр. Бұл кез-келген отандық бизнес өкілдерінің мақсаты болуы тиіс, деп санайды. Болашақта тіпті жас суретшілер мен әртістердің шығармашылығына демеушілік ету жоспарда бар. Ал "Джулия" Астанада 21 желтоқсанға дейін қонақтайды. Жалпы қойылым 19 рет қойылғалы отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу