Dzintars компаниясы тақырға отырды

1078

Dzintars компаниясы тақырға отырды

Латвиялық Dzintars косметика шығарушы компаниясы қарызға белшеден батып, үкіметтен қолдау сұрап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Компания тек мемлекеттің өзіне салық түрінде 3 млн еуродан астам берешек. Ал компанияның өткен жылғы шығыны 2,5 млн еуроны құраған. Тауар айналым мен экспорт көлемі төмендеп кеткен. Енді Dzintars қарызын өтеу уақытын шегеру үшін сотқа жүгініп отыр.

"Бұл істі бастаушы болып өзіміз шықтық. Себебі 2008 және 2014 жылы болған дағдарыстар компаниямызға соққы болып тиді. Осы жағдайдан шығу үшін әрі баяғыдай сәтті жұмысты жалғастыру үшін үкіметтен уақыт сұрап отырмыз", – деді Dzintars компаниясы қоғаммен байланыс және маркетинг бөлімінің жетекшісі Светлана Савчук.

Қазір Dzintars мыңға жуық өнім түрлерін шығарады және Латвияда 46 фирмалық дүкені бар. Дегенмен, компанияның негізгі бағыты – экспорт. Опа-далап пен әтірлерін отыздан астам мемлекетке жөнелтеді.

"Негізгі екі мәселе бар. Алғашқысы – экспортқа қатысты тетіктердің дұрыс шешілмеуі. Салдарынан сыртқа шығатын тауардың көлемін арттыра алмады. Екіншісі – өнімнің көптүрлілігі. Яғни осыны бір жолға қоямыз деп, көп шығынданған. Кейін кеткен қаржы, өз-өзін ақтамады. Осыған қарамастан, компания жаңа өнімдерге басымдық беретінін жариялады. Тіпті, осы мақсатта басшысы өз қалтасынан 4,5 млн еуро бөліпті. Сонымен қатар жаңа нарық іздеуге де көп көңіл бөлініп жатыр. Айта кетейік, Dzintars өз өнімдерін жақында Қазақстан, Қытай және Иранға экспорттай бастады", – дейді Латвия саудагерлер қауымдастығының басшысы Хенрик Данусевич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу