Дзюдодан әлем чемпионаты: Төрт спортшы татамиге шығады

1182

Бүгін, 6 маусым Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Дзюдодан әлем чемпионаты: Төрт спортшы татамиге шығады

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан сапынан төрт дзюдошы татамиге шығады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев пен Мағжан Шамшадин белдесме, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцг пен Абиба Әбужақынова белдеспек.

Іріктеу кезеңі елорда уақытымен сағат 14:00-де басталса, финалдық кездесулер 21:00-ге жоспарланған.

Айта кетерлігі, дзюдодан әлем чемпионаты 13 маусымға дейін жалғасады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу