Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

1201

25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы Токио татамиінде мықтыны анықтайды.  Қазақстан әйелдер  командасы әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, команда әлем чемпионатына қатысуға дайын.

"Біз қазіргі таңда Алматы облысында әлем чемпионаты алдындағы оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Қыздардың дайындығы өте жақсы. Қазірше бір қола жүлдені жоспарлап отырмыз. Құрамада Галбадрах Отгонцэцэгтен басқа, Севара Нишанбаеваны да жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп үміттенеміз. Сондай-ақ, қыздар арасында жастар құрамасынан қосылған дзюдошылар да бар. Мысалы, кешегі Тайпейде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Мөлдір Нарынова. Талантты жас спортшыларымызды ересектер арасында осындай үлкен жарыстарға қатыстыру тәжірибе жинауға көмектеседі. Жастар құрамасынан қосылған тағы бір мықты дзюдошы қызымыз бар еді. Өкінішке қарай, Ақмарал Науатбек бастапқыда тізімде болғанымен, жарақат алуына байланысты бұл әлем чемпионатына қатыспайтын болды", – дейді бас бапкер Ерлан Алпысбаев.

Әлем чемпионатында қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы: 

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Иоланта Бердибекова (-63 кг)

Мөлдір Нарынов (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу