Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын құрам анықталды

892

25 тамыз күні Жапония астанасы Токиода дзюдодан әлем чемпионаты басталады. 

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Қазақстан командасы маусымдағы ең ірі спорттық додаға қызу дайындық үстінде. Бас бапкер Айдын Смағұлов әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар есімін, атады деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Дзюдодан Қазақстан командасы Бурабайдағы "Жақсы" спорт базасында дайындық өткізуде. Бұл әлем чемпионаты қарсаңындағы негізгі дайындық кезеңдерінің бірі. 16 тамызда Алматыға оралып, Новоалексеевкада тоғыз күндік жиын өткіземіз. Содан соң әлем чемпионатына аттанамыз", – дейді бас бапкер. 

2019 жылы Токиода өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев

66 келі: Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов

73 келі: Жансай Смағұлов

81 келі: Дидар Хамза, Руслан Мұсаев

90 келі: Ислам Бозбаев 100 келі: Айбек Серікбаев

Аралас командалық сын:

73 келі: Серік Ақылбек

90 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу