Дзюдодан әлемдік рейтинг жаңарды

1024

Халықаралық дзюдо федерациясы Дохадағы Masters турнирінен соң әлемдік рейтингті жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz.   

Дзюдодан әлемдік рейтинг жаңарды

60 келі салмақта Елдос Сметов бесінші орыннан төмендеген жоқ. Ал Ғұсман Қырғызбаев 10-шы орында. 

66 келіде Ерлан Серікжанов 11-ші, Елдос Жұмақанов 25-ші сатыда тұр. 

73 келіде Жансай Смағұлов 2930 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтады. 

81 келідегі Дидар Хамза 28-ші, 90 келіге дейінгі салмақтағы Ислам Бозбаев 20-шы орында.  Э

Айта кетелік, Дохадағы турнирде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Жансай Смағұлов тіркеді. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде жеңіліп, бесінші орын иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу