Дзюдодан ашық Азия кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді

983

7 алтын, 10 күміс, 13 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орын алды.

Дзюдодан ашық Азия кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді

Ақтау қаласында 3-4 қараша күндері "Маңғыстау-арена" спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Аталмыш турнир 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр.

Қазақстан құрамасы жарысты 7 алтын, 10 күміс, 13 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынмен аяқтады. 4 алтын иеленген Греция құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс медальмен Тәжікстан ұлттық құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы лицензиялық турнир болып табылады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі. Мәселен, бірінші орын иегері 100 ұпайға ие болса, екінші орын алған дзюдошы 60 ұпай, үшінші орыннан көрінген спортшыға әлем рейтингінде 40 ұпайдан қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу