11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті. ҰОК баспасөз қызметі комитеттің спортшының туған-туысына көңіл айтатынын жеткізді.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы", – делінген жазбада.
Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).