Дзюдодан елімізде өтетін бірқатар турнир кейінге шегерілді

855

 Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтында мәлімдеме жарияланды.  

Дзюдодан елімізде өтетін бірқатар турнир кейінге шегерілді

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және сақтық шарасын үдету мақсатында дзюдодан өтетін бірқатар жарыстар белгісіз мерзімге шегерілді, деп хабарлайды olympic.kz.

 "Қазақстан дзюдо федерациясы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дзюдодан өтетін бірқатар ж рыстардың шегерілгенін хабарлайды.

Атап айтқанда:

–  27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда жоспарланған 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;

–   4-7 сәуір күндеріне жоспарланған Павлодар қаласындағы ҚРЕСЖ Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирі кейінге шегеріледі;

–   18-19 сәуір Алматы қаласында жоспарланған Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі өтпейді," – делінген ресми сайтта.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу