Еуропа дзюдо одағы құрлықтық жарыс күнтізбесін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Коронавирус пандемиясына байланысты Словакия астанасы Братиславада жоспарланған ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогі өтпейтін болды. Аталған жарыс биылғы жылдың 12-13 қыркүйегінде өтуге тиіс еді.
Еуропа кубогінен бөлек, Еуропа құрлығында жоспарланған барлық халықаралық оқу-жаттығу жиынлары мен жаттығу лагерьлері өтпейтін болған. 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        