Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогі аяқталды. Қазақстан балуандарының қоржынында екі қола медаль бар, деп жазады Olympic.kz.
66 келіде белдескен Ғұмар Қырғызбаев кіші финалда әзірбайжандық Нұрлан Османовтан басып түсіп, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Бұл салмақта алтын медальді ресейлік Мурад Чопанов иеленген. Екінші орында грузиялық Гиорги Базандарашвили.
73 келіде Аңсарбек Ғайнуллин үздік үштікке енді. Ол қола медаль үшін тартыста ресейлік спортшыны жеңген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу