Дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан командасы үздік үштікке енді

696

Алғашқы екі орында Грузия және Әзірбайжан командалары тұр. 

Дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан командасы үздік үштікке енді

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дзюдошылар бәсекесінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 60 келідегі Елдос Сметов қарсылас шыдатпай, турнир жеңімпазы атанса, 48 келідегі Галбадрах Отнгонцэцэг ақтық сында сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Бұл екі балуан да 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жүлдесін иеленген. 

Өкінішке қарай, жарыстың қалған екі күнінде қазақстандық дзюдошылар алысқа ұзаған жоқ. 

Гран-при турнирінің қорытындысы бойынша екі жүлде еншілеген Қазақстан командасы жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Алғашқы екі орында Грузия және Әзірбайжан командалары тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу