Атырауда дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстың алғашқы күнінде татами шеберлері 5 салмақ бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды prosports.kz.
Ел біріншілігінің ашылу салтанатында Қазақстан Дзюдо федерациясы өңірде дзюдоның дамуына қарқынды үлес қосып отырған Атырау облысының спорт жанашырларына алғыс ретінде І дәрежелі "Дзюдо тарланы" төсбелгісін табыс етті. Қазақстан Дзюдо федерациясының бас хатшысы Самат Сәбитұлы Жылқыбаев Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекет Азамат Бауыржанұлына алыс хатпен қатар І дәрежелі "Дзюдо тарланы" төсбелгісімен марапттады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу