Дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

1470

Республикалық біріншілікке еліміздің 14 облысынан, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы бақ сынады.

Дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

Армия орталық спорт клубының спортшылары республикалық жарыста алтын медальді қанжығаларына байлады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласындағы "Дәулет" спорт комбинатында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан жеке және топтық чемпионат өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша, абсолютті салмақтағы Армия орталық спорт клубының жауынгері Ерасыл Қажыбайұлы ел чемпионы атанды.

Республикалық біріншілікке еліміздің 14 облысынан, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы бақ сынады.

Ақтау қаласында бокстан ұлттық біріншілікте Армия орталық спорт клубының спортшылары Әбілхан Аманқұл мен Қайрат Ералиев чемпионаттың "алтын" жүлдесіне қол жеткізді.

Мықтыларды анықтайтын сайысқа 200 спортшы қатысты. Әуесқой бокста салмақ санаттарының қысқартылуына қарамастан, оннан сегізге дейінгі форматта өткізілді. Турнирдің абсолютті жеңімпаздарынан басқа, ҚР Қарулы Күштерінің қызметкері Асланбек Шымбергенов финалда Қарағанды облысының спортшысына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу