Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Grand Slam турнирін қорытындылады

1247

60 келіде күрескен екі жас балуанның екеуі де жүлдеге ілікті.

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Grand Slam турнирін қорытындылады

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Израильдің Тель-Авив қаласында өткен жылдың алғашқы ірі додасы – Grand Slam турнирін қорытындылап, қазақстандық дзюдошылардың аяқ алысына баға берді, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме беріп.

"Тель-Авивтегі турнир өте жоғары деңгейде өтті. 60 келіде күрескен екі жас балуанның екеуі де жүлдеге ілікті. Бауыржан Нарбаев күміс, Мағжан Шамшадин қола медаль иеленгені қуантады. 

66 келіде ел намысын Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қорғады. Елдос екінші белдесуінде испаниялық спортшыға жол берді. Бұл жерде төрешілердің де қателік жібергенін ұмытпау керек. Ескерту санымен ұтылды. 

Ғұсман төрт кездесу өткізіп, қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. 

73 келідегі Жансай Смағұлов өте жақсы күресті. Турнирдің қола жүлдегері атанды. Ал бұл салмақағы Данияр Шамшаевқа әлі де тәжірибе жинау керек. Ол 2001 жылы туған жас спортшы, ірі додаларға енді қатысып жүр. 

81 келідегі Бекәділ Шаймерденов пен Асылхан Жұбаназар, 90 келідегі Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзапаровтан өте сенімді күрес көрсетті. Маусым басындағы жарыс үшін жақсы нәтиже де ойлаймын. 

Ал 100 келіде сынға түскен Ислам Бозбаевқа әлі де дайындалу қажет. Ол шаршаңқы көрінді. 

Ерсұлтан Мұзапаров, Ерасыл Қажыбаев және Әділ Оразбаевтар өз деңгейінде күресті. Енді маусым бойы спортшыларды шыңдап, жетілдіреміз. 

Алда Түркия және Грузия елдерінде ірі жарыстар өтеді. Сол сындарға дайындық жалғасады. Алдымыздағы ең үлкен мақсат – жүлделі орындардан көріну", – дейді бас бапкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу