Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

850

Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. 91 мемлекеттен келген 432 спортшының басын қосқан бәсекеде қазақстандықтар жүлдесіз қалды деп жазады Olympic.kz.  

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

60 келіде белдескен Мағжан Шамшадин екінші айналымда италиялық Андреа Карлинодан ұтылды.

66 келіде сынға түскен Бауыржан Сағынғалиұлы үшінші кезеңде әлем чемпионы, жапониялық Абе Хифумиге есе жіберді.

73 келідегі Аңсарбек Ғайнуллин Люксембург және Румыния спортшыларын жеңіп, кейін бельгиялық балуанға жол берді. Осы салмақтағы Жанболат Бағытбергенов үшінші айналымда швециялық Томми Масиастан жеңілді.

81 келіде Амангелді Мәди мен Абылайхан Жұбаназар бірінші кезеңнен соң жарыс жолынан шығып қалды.

90 келідегі Ерсұлтан Мұзафаров жұбаныш белдесуіне дейін жетті. Ол алдымен Канада, Италия, Тунис спортшыларын жеңіп, ширек финалда түркиялық Михаэль Жганктан айласын асыра алмады. Ал жұбаныш белдесуінде чехиялық Давид Кламерттен ұтылды.

Осы салмақта бақ сынаған тағы бір балуан Асылан Сағитбек үшінші кезеңде Израиль спортшысына есе жіберді.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы қатарынан екінші ірі жарыстан жүлдесіз қалып отыр. Бұған дейін отандық татами шеберлері Тбилисидегі Grand Slam бәсекесінен құр қол қайтқан еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу