15-16 желтоқсан күндері Гуанчжоуда (ҚХР) дзюдодан жылдың ең соңғы жарысы әлемдік "Мастерс" турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде "Мастерс" турнирі маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатынан кейінгі орында тұр. Себебі, мұнда әлем рейтингінде көш бастаған үздік 16 дзюдошы ғана қатыстырылады. Әлем рейтингінде үздік 16 спортшы қатарына Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы еніп, "Мастерс" турниріне қатысуға мүмкіндік алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу