Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолияда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

514

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтетін рейтингтік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолияда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

Аталған әлемдік бәсеке 24 маусым күні басталады. Ерлер ұлттық құрамасынан 13, ал әйелдер командасынан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайтын болады. 

Ерлер: Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі). 

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

Айта кетерлігі, аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай үлестірілетін алғашқы рейтингтік жарыс болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу