Дзюдодан өтетін бәсекелер 30 маусымға дейін тоқтатылды

680

Халықаралық Олимпиада комитеті мен "Токио 2020" ұйымдастырушылары Токио Олимпиадасын келесі жылға ауыстырды.  

Дзюдодан өтетін бәсекелер 30 маусымға дейін тоқтатылды

Осыған орай, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер пікір білдірді деп жазады Olympic.kz. 

"ХОК шешімінен соң Халықаралық дзюдо федерациясы барлық шешімдерді қарастыруда. Covid-19 салдарынан тоқтатылған жарыстар жалғасын табады. ХОК ұсынысы бойынша, олимпиадаға іріктеу турнирі 2021 жылды 29 маусымына дейін аяқталады. IJF Олимпиадаға іріктеу турнирінің жаңа мерзіміндегі жарыстар тізбегін сақтайды. 2021 жылғы әлем чемпионаты мерзімін де ауыстырып, іріктеу кезеңіне қосуға болады. Бірақ коронавирусқа байланысты бұл туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Катардағы "Masters" турнирі іріктеу турнирінің бір бөлшегі ретінде қалады. 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі жарыстардың барлығы тоқтатылды", – деді IJF президенті Мариус Визер. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу