Атыраулық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді

969

Атыраулық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді

Атыраулық спортшы Серікболсын Шынтас кадеттер арасындағы (18 жасқа дейін) дзюдодан өткен әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ақ Жайық газеті. 

Чемпионат 9-13 тамызда Чилидің астанасы Сантьяго қаласында өтті, оған 64 мемлекеттен 428 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Серікболсын ұлттық құрама қатарында 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алдын ала жекпе-жекте Даниэле Аккольемен (Италия) және Владимир Ахалкацимен (Грузия) белдескен Серікболсын басым түсті. Алайда, ширек финалда Бенедек Тоттан (Венгрия) жеңіліс тапты. Дегенмен де, Серікболсын қола алқа алу мүмкіндігін жіберіп алмады. Ол алдымен ширақ қимылдап, тайпейлік палуан Чен-Ан Хсудан айласын асырып, содан соң тәжік дзюдошысы Жоһангир Маджидовті жеңіп (екеуінде де таза жеңіс - "иппон"), әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу