Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды. Ол жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилиден ұтылды.
Қола жүлде үшін белдескенде швейцариялық Даниэль Эйчті жеңді. Қарсылас үш ескерту алды да, Шархан автоматты түрде текетірестің жеңімпазы атанды.
Қазақстан құрамасының ішінде Шархан Нұрлыхан ғана Парижде өткен Grand Slam сериясы турнирінде жүлдемен қайтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу