Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

1317

Франция тарапының турнирді қабылдаудан бас тартуы жарыс орнын өзгертуге себеп болған.

Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуге тиіс Grand Slam турнирінің Қазан қаласына ауыстырылғанын хабарлады, деп жазады ҰОК сайтына сілтемемен inbusiness.kz.

Қазандағы турнир Токио Олимпиадасына рейтингілік ұпай беретінін айта кеткен жөн.

Бұл күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық Елдос Сметов күміс медаль иеленсе, Ерлан Серікжанов үздік бестікке енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу