Дзюдодан Рабат Гран-приі өтпейтін болды

541

Аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын. 

Дзюдодан Рабат Гран-приі өтпейтін болды Фото: olympic.kz

Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндері өтуге тиіс еді. Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу