Дзюдодан Сүйеукенов пен Қуанов қола жүлде үшін белдеседі

732

Ресейдің Қазан қаласында дзюдодан Grand Slam жарысының алғашқы күніндегі іріктеу кезеңі аяқталды.  

Дзюдодан Сүйеукенов пен Қуанов қола жүлде үшін белдеседі

Әлемдік доданың бірінші күнінде қос қазақстандық балуан кіші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақтағы Дәурен Сүйеукенов пен 66 келідегі Есет Қуанов жарыстың қола жүлдесі үшін сынға түседі. 

Дәурен Сүйеукенов жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Алайда, финалдық жолдаманы сарапқа саларда ресейлік қарсыласы Роберт Мшвидобадзеге есе жіберді. Нәтижесінде, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның ендігі қарсыласы чех балуаны Дэвид Пулкрабек болмақ. 

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Есет Қуанов ширек финалда ресейлік Якуб Шамиловке есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Абдулла Абдужалиловты (Ресей) ұтты. Нәтижесінде, жарыстың кіші финалында күресуге мүмкіндік алды. 

Айта кетерлігі, әлемдік Grand Slam жарысының финалдық кезеңі елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу