Дзюдодан Токиодағы әлемдік кезең өтпейтін болды

618

Аталған турнир 11-13 желтоқсан күндеріне жоспарланған болатын.

Дзюдодан Токиодағы әлемдік кезең өтпейтін болды

Коронавирус пандемиясына байланысты (IJF) Токиода жоспарланған Grand Slam әлемдік кезеңінің өтпейтін болды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Covid-19 пандемиясының айналасында жағдайдың тұрақсыздығы мен Жапония Олимпиада ойындарын өткізетін ел екенін ескере отырып, IJF Жапониядағы іс-шараларды жоспарлауда аса сақтық танытуы керек. Сондықтан осы желтоқсанда Жапонияда өтеді деп жоспарланған Tokyo Grand Slam жарысын өткізбеу туралы шешім қабылданды", – деп жазылған ресми хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу