Дүниежілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық жас татами шеберлері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасынан аталмыш додада ел намысын 32 дзюдошы қорғайды. Жарыс күн сайын сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жарысқа кіру тегін болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу