24-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты.
Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның жетеуі жүлдемен оралды. Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрамасы медаль саны бойынша командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Ерлан Уналов (55 кг), Болат Біләл (60 кг), Нұрзат Сәлімбаев (66 кг), Шынтас Серікболсын (90 кг) алтын медаль алып қайтса, Әбілхайыр Ұлықбек (55 кг) күміс, Алмазұлы Сүйініш (55 кг), Мұқышев Айбар (73 кг) "қолаға" қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу