Атыраулық дзюдошы-бапкер Аманбай Қыздарбаев Италияның Ольбия қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды atpress.kz.
30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өткен байрақты бәсекеде жаһанның түкпір-түкпіріндегі 72 мемлекеттен бір мыңға жуық дзюдошы қатысқан. Татами кілемінің шын шеберлері бас қосқан сайыста Аманбай Қыздарбаев 90 келіге дейінгі салмақта төрт кездесу өткізді.
Алғашқы екі белдесуінде италиялық пен испандық қарсыластарын таза жеңген жерлесіміз, ақтық сайыс үшін бәсекеде Словениядан келген балуанды жартылай жеңіспен шаң қаптырған. Ал, соңғы мәреде тағы бір италиялық дзюдошымен кездесіп, таза жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу