Дзюдошы Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев жеңіліп қалды

987

Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан 2020 жылдың алғашқы ресми турнирі – Гран-при бәсекесі өтіп жатыр.  

Дзюдошы Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев жеңіліп қалды

Бүгін ерлерден 73 және 81 келіде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады деп жазады Olympic.kz. 

Өкінішке қарай, 73 келіде белдескен Серік Ақылбек, Жансай Смағұлов және 81 келіде татамиге шыққан Дидар Хамза мен  Руслан Мұсаевтар жеңіліп қалды. 

Серік Ақылбек алғашқы айналымда Молдова, кейін Франция спортшыларын жеңіп, үшінші кездесуде армениялық балуан, Еуропа чемпионы Фердинанд Карапетяннан ұтылды. 

Осы салмақтағы Жансай Смағұлов үшінші кезеңде тәжікстандық қарсыласынан "иппон" ұпайымен жеңілді. Бұған дейін ол Канада және АҚШ өкілдерінен басым түскен болатын. 

81 келідегі Дидар Хамза бірінші белдесуде германиялық дзюдошыдан ұтылса, Руслан Мұсаев екінш кезеңде грузиялық спортшыға есе жіберді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу