Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан Гран При бәсекесінде қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
66 келіге дейінгі салмақта белдескен ол жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен ұтты.
Отандасымыз Ерлан жартылай финалға дейін іріктеу кезеңінде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) жеңген болатын.
Сондай-ақ дзюдошы Елдос Жұмақанов Тель-Авивте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінің кіші финалына шықты. Жарыстың жұбаныш финалында Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) ұтқан ол енді қола жүлде үшін күреседі.
Айта кетерлігі, іріктеу кезеңінде Елдос бірінші Реда Седдоукиді (Франция), Жаслин Синх Саиниді (Үндістан) ұтқан болатын. Алайда, ширек финалда Барух Шамиловтан (Израиль) ұтылып қалған еді.