Бішкекте дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық дзюдошы Севара Нишанбаева жұбаныш финалында Жаңа Зеландия спортшысы Джюстин Бишопты уақытынан бұрын "иппон" ұпайымен ұтып, қола жүлдегер атанды.
Қытайлық Тонгжуан Ли топ жарса, Джису Ким (Оңтүстік Корея) күміс жүлдеге ие болды. Ал өзбекстандық Нулифар Ермаганбетова жарыстың екінші қоласын қанағат тұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу