Тұрғынды "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тас жолында "Volvo" маркалы жүк көлігін басқару кезінде полиция қызметкерлері тоқтатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Автокөлік нөмірін тексеру кезінде оны кішкентай қағазбен жабу фактісі анықталған. Осылайша, мемлекеттік нөмірдің "Е" әрпі "F" әрпіне өзгертілген. Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты хаттама толтырылған.
– Азамат А. кінәсін мойындап, нөмірдегі қағазды байқамағанын және оны әйелінің інісі әзілмен жасағанын түсіндірді.
ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.
Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ, – делінген ресми ақпаратта.
Сот қаулысымен тұрғын ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.
Қаулы заңды күшіне енбеді.