Е.Досаев: "Зерделі" ықшам ауданындағы үйлерді нығайту жұмыстары 2 ай ішінде аяқталуы тиіс

Алматы әкімі қала нысандарын аралау барысында "Зерделі" ш/а аула аумақтарын абаттандыру бойынша барлық жұмыстардың аяқталу мерзімін белгіледі. 

Е.Досаев: "Зерделі" ықшам ауданындағы үйлерді нығайту жұмыстары 2 ай ішінде аяқталуы тиіс Фото: gov.kz

Мердігерлік ұйымдардың 30 шілдеге дейін шағын ауданның мәселелерін шешу үшін әлі де уақыттары бар.

Еске салсақ, 2016 жылы 30 үй қисайып, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнген еді. Бұл топырақ құрамының өзгеруі және құрылыс технологиясының бұзылуына байланысты болды. Ғимараттарды нығайту бойынша қалпына келтіру жұмыстары 7 жылға созылды. Өткен жылы Алматы әкімінің жеке араласуы арқасында жұмыстар  қарқын алды. Қазіргі уақытта 30 тұрғын үйдің соңғысын нығайту аяқталуда. Ерболат Досаев адамдардың өміріне бірнеше жылдар бойы қауіп төндіру төзгісіз жағдай екенін атап өтті. Демек, жауапты тұлғалармен заң аясында жұмыс істеу қажет.

Алматы әкімі бірнеше жыл бойы құрылысы аяқталмаған жер учаскесін реттеуді өзінің жеке бақылауына алды. Шағын ауданның жобасына сәйкес 2016 жылы 32 үй пайдалануға берілуі тиіс еді, бірақ пайдалануға берілмеді – екі нысан аяқталмай қалды. Ұзақ құрылыс мәселесін шешу үшін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ 2022 жылы техникалық зерттеу жүргізді. Үйлер құрылысты аяқтауға жарамсыз деп танылды және бұзылды.

Аяқталмаған құрылыс үшін жауапты мердігер ұйым – "Daniya constraction" ЖШС – сот арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылып, лицензиясынан айырылды. Енді әкімдіктің қолдауымен шағын аудан тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, учаскеде бұзылған үйлердің орнына саябақ аймағы салынып, футбол және волейбол алаңдары, воркаут жабдықталады. Сонымен қатар, қала басшысы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жәрдем көрсетуді тапсырды.

"Зерделі" ш/а дене шынықтыру кешені, 380 балаға арналған жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік техникалық мектеп, 550 орындық жалпы білім беретін мектеп және саябақ пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу