Е.Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қомақты қаржы бөлінеді

482

Қазақстанда алдағы 3 жылда машина-трактор паркін жаңартуға 243 млрд теңге әрі 355 млрд теңге көлемінде инвестициялық субсидия бөлінеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Е.Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қомақты қаржы бөлінеді Фото: eldala.kz

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев елде шаруалардың техникасы әбден тозғанын, олар жыл сайын қымбаттап жатқанын атап өтіп, депутаттық сауал жолдады. Соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы шарықтаған бағасына тоқталды. Соңғы 5 жылда комбайндар мен тракторлардың құны 2 есе, ал биыл олардың бағасы 30%-ға қымбаттаған.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл өте күрделі мәселе екенін жеткізді.

"Біз Үкімет және министрлік тарапынан бұл мәселеге баса назар аударып отырмыз. Біріншіден, алдағы 3 жылда 243 млрд теңгеге лизинг кредит техниканың сыйақы мөлшерлемесін арзандатуға ақша қарастырылып жатыр. Осыған қарамастан биыл нақты кредит пен лизингтің сыйақы мөлшерлемесі 21-22%-ға өскенін ескеріп, субсидия мөлшерлемесін көтеріп отырмыз. Оның алдында 10% субсидиялауға жатса, қазір оны 16%-ға көтердік. Сондықтан біз лизинг пен кредиттің сыйақы мөлшерлемесін субсидияланған сыйақы мөлшерлемесін 7%-дан 6%-ға дейін төмендеттік", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ шаруалардың техникасын жаңартуға қосымша қаржы бөлінеді.

"Алдағы 3 жылдық бюджетте бізде тағы 355 млрд теңге инвестициялық субсидия қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған техникаға да субсидия төлемі қарастырылған. Біз негізі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трактор-машина паркін жаңарту деңгейіне тоқталайын. Мысалы, былтыр бұл көрсеткіш Ресейде – 4,1%, Беларусьте – 6%, Қазақстанда – 4,3% болды. 2025 жылдың соңына дейін біз осы темпті 6%-ға дейін жеткіземіз деген жоспар бар. Биыл бюджетті нақтылау кезінде қосымша 139 млрд теңге субсидия бөлінді. Оның жарты бөлігі инвестициялық субсидия яғни кредиттік лизингтің мөлшерлемесін арзандатуға бағытталды", - деді Ербол Қарашөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу