Е.Қарин: Президент сайлауға қатысты заңға бірнеше маңызды өзгеріс енгізді

762

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау заңнамасына бірнеше маңызды өзгеріс енгізіп, ұзақ талқыланған құжатқа бүгін қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Е.Қарин: Президент сайлауға қатысты заңға бірнеше маңызды өзгеріс енгізді

Президенттің саясат жөніндегі кеңесшісі Ерлан Қариннің айтуынша, бұл ішкі саяси құрылымды реттеуде жоғары маңызға ие.  Яғни, әкімдер енді тағайындалмайды, халықтың ашық дауыс беруімен сайланады. Қазір Қазақстанның әкімшілік аумағында ресми 7031 ауыл бар. Соның биыл 836-сында әкімнің өкілетті мерзімі аяқталады. Демек, сайлау өтеді. Әкім болуға 25 жастан асқан, жоғары білімді кез-келген азамат құқылы. Тек мұнда ерікті үміткер дауыс берушілердің кемі 1%-ның қолдауын алған жағдайда ғана негізгі додаға өткізіледі. Әйтпесе, кандидаттар партия атынан шығады. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал оған дайындық қазіргі әкімнің басқару мерзімі бітуге 10 күн қалғанда басталады. Нәтижесінде, әкім креслосына сайлаушылардың 50% дауысын жинаған адам ғана отырады.  Бұдан бөлек, құжат Мәжіліс сайлауына да өзгерістер енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу