"Референдумға қатысуым жеке таңдауым" деген шенеунік бүгін таңмен жұмыста болғанын айтады. Десек те елдің болашағы үшін маңызды шарадан қалыс қалғысы келмей, уақыт тауып, дауыс беруге келгенін жеткізді. Қарин өз сөзінде 95 жылғы референдумға қатысқанын да еске алды. Ол кезде студент болған ол бастамашы топпен бірге үйлерді аралап, халыққа Конституцияның маңыздылығына қатысты түсіндіру жұмысымен айналысқан екен. Ал "биылғы саяси науқанда қазақстандықтар, әсіресе, жастар асқан белсенділік танып жатыр", – дейді.
Тіпті, өз балаларымен талқылау барысында, олардың референдумнан хабарының бары қатты қуантқан.