Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Жақында Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз", - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.
Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысы лауазымына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз екенін жеткізді.
"Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып немесе тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін", - деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.