Қазіргі таңда мобильді қосымшаны 11 323 адам жүктеп алған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Астана Innovations" басқарма төрағасының орынбасары Алмас Амирзинов жақын арада е-КСК қосымшасында пайда болатын жаңашылдықтар туралы айтып берді.
"Қосымша әркез толықтырылып отыруда. Қазір үй шлагбаумын қашықтан ашу функциясы тесттен өтіп жатыр. Түсіндіре кетсем, мысалы сізге қонақ келгенде күзетшіге хабарласпай-ақ, телефон арқылы сізге тапсырыс жіберіп, сіз шлагбаумды үйде отырып аша бересіз", - деді Алмас Амирзинов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астананың барлық пәтер иелері кооперативтері е-КСК жүйесіне қосылған.
"Қосымша барынша жұмыс істеуге қабілетті. Ол міндеттерді орындау бойынша барлық талаптарға жауап береді. Қазіргі таңда жүйеге 11 595 өтінім түсіп, олардың 89 % өңделген. Өтінімді өңдеу бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Қосымшаны 11 323 адам жүктеп алған", - деді Амирзинов.
Ол сондай-ақ, қалада бүгінгі таңда 486 ПИК жұмыс істеп жатқандығын еске салды. е-КСК жүйесі тұрғындарға ПИК-тер туралы ақпарат алуға көмек беріп, оларға өтінім беру және дауыс беруге қатысу немесе көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, есептерді қарау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады.