"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлауынша, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге қай уақытта іске қосылатыны белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әдетте техникалық жұмыстар демалыс күндері түнде жүргізіледі. Бірақ техникалық ақаулардың салдарынан сайт жұмыс істемей тұр. Мамандар сайттың жұмысын қалпына келтіру үшін бар күшін салуда", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз хатшысы Жайнагүл Сейдахметова.
Айта кетейік, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының, жасанды интеллектінің және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы. Сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.