Е.Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына өтті

325

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.  

Е.Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына өтті Фото: ktf.kz

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетіп, бет қаратпады – 6:1.

Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті – 7:6 (8:6).

Үшінші шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ – 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ. Э.Наварро 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалисі, қытайлық Чжэн Циньвэньді ұтып кетті – 7:5, 6:3.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу