E-Salyq Azamat қазақстандықтарды салық есептерінен босатады

1484

Мобильдік қосымша банктер мен онлайн-кассаларға кіріктірілуі мүмкін. 

E-Salyq Azamat қазақстандықтарды салық есептерінен босатады

Жеке кәсіпкерлер салық есебін E-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы басқарып, жүргізе алады, – деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.

"E-Salyq Azamat қосымшасы негізінен шағын бизнес нысандарына арналатын болады. Олардың көбі кәсіпкерлік қызметін жойғаны туралы есеп тапсырмайды. Жалпы осы қосымша арқылы салық төлеушілер тапсыратын есептердің санын қысқартпақшымыз. Ілкі жоба кезінде тіпті бүкіл есепті жойып көреміз. E-Salyq Azamat азаматтардың табысын өзі есептейді. Яғни, ол екінші деңгейдегі банктер мен онлайн-кассалық аппараттарға кіріктіріледі. Соның арқасында барлық салықты өз бетімен есептеп шығарады. Жеке кәсіпкер сол есептелген кірістерді растаса болды. Осыдан кейін барып салық салынады", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу